"Бал айын Мальдив аралдарында өткіземіз". Танымал актриса тұрмысқа шықты

"Бал айын Мальдив аралдарында өткіземіз". Танымал актриса тұрмысқа шықты

Актриса Ақниет Беласар тұрмысқа шықты. Ол кеше ұзату тойын өткізді. Осы орайда Massaget.kz тілшісі өнер иесіне хабарласып, бірқатар сұраққа жауап алды.

"Біздің алғашқы таныстық кино премьерада басталған болатын. "I love Taldykorgan" фильміне мені Ерік шақырған. Әрине, қонақ ретінде. Сол кезде таныстық сосын сөйлесіп, кездесіп жақын араласып кеттік", -  дейді Ақниет Беласар.

2022 жылы актер Ерік Хамидуллаев сүйіктісіне сөз салған болатын. Төрт жылдық кездесуден кейін жұп шаңырақ көтеруге бел байлапты.

"Төрт жыл бұрын 3 наурызда маған Ерік қыз-жігіт болып кездесуге ұсыныс жасады. Одан бері біздің ресми кездесіп жүргенімізге төрт жыл. Сол үшін үлкен тойымызды 03.03.2023 деп белгіледік. Той Алматы қаласы, Қазақстан қонақүйінде өтетін болады. Ертең той кезінде төрт жылдығымызды да атап өтеміз", - дейді актриса.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akniet Belasarova (@akniet_belasar)

Қалыңмал туралы айтқысы келмеген актриса бастысы екі әулеттің де көңілінен шыққанын жеткізді. Есесіне, бал айын қай жерде өткізетінін айтты.

"Бал айына біз Мальдив аралдарына барамыз. Ол жолдаманы біз Instagram-да конкурс арқылы ұтып алдық", - дейді актриса.

Айта кетейік, ұзату тойда көптеген өнер иелері, блогерлер төбе көрсетіп, әнші Альбина Шардарова бұрымдыны ұзатты. Енді екі жас үлкен тойдың қамына кірісіп кеткен.   

Ел арасында Ерік Хамидуллаев тек актер емес, сондай-ақ модель ретінде танылып үлгерген. Актердің "Аға" телесериалында басты рөлдердің бірін сомдады. Өзге де әнші Ерке Есмаханның "Аэропорт" бейнебаянында төбе көрсеткен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы