"Жаңа рекорд". Танымал блогер бір күнде 110 баланың тұсауын кескен

"Жаңа рекорд". Танымал блогер бір күнде 110 баланың тұсауын кескен

Танымал блогер Дәулет Мұқаев бір күнде 110 баланың тұсауын кескен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы блогер Instagram-парақшасында айтты.

"Жаңа рекорд. Алғыс айту күніне орай 60 емес, бүгін 110 баланың тұсауын кестім. Ақ жол, балапандар. 2015 жылдан бері тұсау кескен балалар саны 2500-ден асты. Бақытты күндерің көп болсын", - дейді блогер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??ҚАЗАҚТЫҢ ДӘУЛЕТІ?? (@dauletten)

Айта кетейік, тұсаукесер - сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

Еске салайық, бұған дейін танымал қазақстандықтар тұсаукесер тойына келуге қанша гонорар сұрайтыны туралы жазған болатынбыз.  

Қазақ жұлдыздары тұсаукесер тойына келуге қанша гонорар сұрайтыны анықталды

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина