Қазақстандықтар аспанда жарқыраған жұмбақ нысандарды байқады

Қазақстандықтар аспанда жарқыраған жұмбақ нысандарды байқады

Қазақстан аспанында жарқыраған жұмбақ нысандар байқалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы мен Атырау тұрғындары осы ерекше құбылыстың сурет-видеоларын редакцияға жолдаған. Атырау тұрғыны Аман Наурызғалиев ерекше құбылысты қалай түсіргенін айтты.

"1 наурызда кешке, шамамен 21:11-де балконға шығып, аспандағы екі шарға назар аудардым. Жұлдыздар шығар деп ойладым. Бірақ екі нысан қозғалғаны байқалды, түсіріп алайын дедім. Кейін нысандар сәл төмен түсіп, содан кейін толық жойылып кетті", - дейді Аман Наурызғалиев.

Екінші оқырман - Алматы тұрғыны. Ол белгісіз ұшатын нысандарды суретке түсірген.

"Олар аспанда, Алматының оңтүстік-батысында пайда болды. Олар бір-біріне жақындап, бірігіп, содан кейін алыстап кетті", - деді алматылық.

Айта кетейік, көршілес Қырғызстанда да аспандағы жұмбақ жарқыраған шарлар байқалған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Канцлер-Канцтовары из Европы (@kanzler.kg)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова