Оралдықтарға 535 мың теңге не үшін берілгені белгілі болды

Оралдықтарға 535 мың теңге не үшін берілгені белгілі болды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Чек берілмегені туралы ақпарат айтқан оралдықтарға 535 мың теңге сыйақы берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "МОЙ Город" сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, бұл "Азаматтық бақылау - чек талап ет" акциясы аясында өткен шара. Яғни фискалдық чек берілмегені немесе карталар бойынша төлем қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төленеді.

"Бұзушылық деректері туралы App Store және Play market-тен WIPON CASHBACK тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға болады және фискалдық чек расымен берілмеген жағдайда телефон балансына сыйақы (ЖТС шегергенде 1000 теңге) алуға болады. Хабарлама жіберген кезде объектінің мекенжайын, оның атауын, кәсіпкерлік қызмет объектісі иесінің аты-жөнін көрсету қажет", - дейді өңірдегі мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабеков.

Осылайша, 852 өтініш түскен, оның 535-і расталып, 312 өтініш расталмаған. Тағы 5 өтініш бойынша жұмыс жүріп жатыр.   

Қайта бұзушылық бойынша расталған 535 шағымның жалпы сомасы 451 мың теңгеге 15 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал чек берілмегені туралы хабарлағандарға ЖТС шегеріле отырып, 535 мың теңге төленді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина