Адамшошырлық суреттер: Қарағандыда 2 жасар бала балабақшада аяғын оңбай күйдіріп алған

Адамшошырлық суреттер: Қарағандыда 2 жасар бала балабақшада аяғын оңбай күйдіріп алған

Қарағанды қаласында іскерлігі заңдастырылмаған балабақшада 2 жасар бүлдіршіннің екі аяғын күйік шалды. Осыған байланысты құзырлы орган қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгінде 2 жасар Ваня ауырған аяғын басуға тырысып жүр. Ем алып жатқанына бір ай болды. Жалпы балаларды балабақшаға тек 3 жастан бастап апарады, сондықтан ата-анасы сәбиді әлеуметтік желіден тауып алған мектепке дейінгі жеке мекемеге берген. Айына 45 мың теңге төлеген.

"Баламның жағдайы адам шошырлықтай болды. Себебі алғашқы үш күн қатты қиналдық. Бастапқы кездері шыңғырып, тамақ ішпей қойды. Сол себепті ылғи ауырсынуды басатын дәрілермен антибиотиктер қабылдап жүрдік", - дейді Ваняның анасы Виктория Евтеева.

Тәрбиешінің айтуынша, Ваняны жуындырып жатқан уақытта, екі орынды кереуеттің екінші қабатында ұйықтап жатқан бала жылай бастайды. Сәби құлап кетеме деп қорыққан қызметкер бүлдіршінді қараусыз қалдырып кереуеттегі балаға жүгірген. Дәл осы кезде бүлдіршіннің аяғы краннан ағып тұрған ыстық суға күйіп қалады. Сондықтан мекеме қызметкерін сол күні жұмыстан шығарған көрінеді. Десе де балабақша бізге қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

"Бұл мекеме білім беру қызметін жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме болып табылмайды. Яғни, бейресми. Ол мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет көрсету тізіміне жатпайды", - дейді Қарағанды ​​қаласы білім басқармасының тәрбие және әлеуметтендіру секторының бас маманы Әлия Биева.

Яғни ұйым ашылып, заңсыз жұмыс істеген. Мұғалімдердің айтуынша, мұндай жағдайда баласының кімге сенетініне ата-ананың өзі жауапты. Сондықтан алдымен мекеменің мәртебесін, мемлекеттік білім стандартына сәйкестігін біліп, онымен келісім-шарт жасасу керек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz