Астанада пышақталған мектеп директоры ауруханада жатыр

Астанада пышақталған мектеп директоры ауруханада жатыр
Фото: pixabay.com

Астанадағы орта мектептің директоры пышақ жарақатын алып, ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана полиция департаменті бұл фактіні растады.

"26 ақпан күні Астана полиция департаментінің "102" арнасына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, пышақ жарақатымен әйел ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан