Наурыздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2-5 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтардың сөзінше, көктемнің алғашқы күндері болса да, елдің солтүстік жартысындағы ауа райы қыстағыдай. Мұның себебі белсенді атлантикалық циклон әсерінен және оған байланысты суық атмосфералық фронттардан болып отыр. Ол ел ауа райына әсер етеді. Сондықтан жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауады, көктайғақ, тұман, екпінді жел болады.

Оңтүстік аймақтарда 2 наурызда жауын-шашын жаумайды, сондай-ақ, кейін ауа райы тұрақсыз сипатта болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тауларда тұман түсіп, көктайғақ болады.

"Суық фронттар әсерінен Қазақстанның солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 10-20 градус аязға дейін төмендесе, ал оңтүстік жартысында түнде 7 градус аязға - 2 градус жылы температураға дейін болады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!