"Шетелдегі жанкүйерлері ұйымдастырған". Димаш Құдайбергеннің әні Мексика метросында қойылады

"Шетелдегі жанкүйерлері ұйымдастырған". Димаш Құдайбергеннің әні Мексика метросында қойылады
Фото: Instagram

27 ақпанда Мексика метросының 576 медиафасадында Димаш Құдайбергеннің Kieli meken атты әні көрсетіледі. Акцияны әншінің мексикандық жанкүйерлері Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 

Видео 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында сағат сайын көрсетіледі. Dimashnews мәліметінше, Dimash Qudaibergen Méxicoficial фан-клубының мүшелері Мехикодағы медиафасадта Димаштың қойылымдарын екінші рет ұйымдастырып отыр.

Метро - қаланың негізгі көлік құралдарының бірі, сондықтан видеоны 3 миллионға жуық адам көреді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова