Жеті жыл бойы соққы көргенін айтқан: балалар ауылындағы даудан кейін директор жұмыстан шеттетілді

Жеті жыл бойы соққы көргенін айтқан: балалар ауылындағы даудан кейін директор жұмыстан шеттетілді
Фото: azh.kz

Отбасылық үлгідегі "Шаңырақ" балалар ауылының директоры уақытша жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды AtyrauPress. 

Атырау облысы білім беру  басқармасының мәліметінше, басқарма басшысының бұйрығымен отбасылық үлгідегі "Шаңырақ" балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева тергеу жүргізу кезінде атқаратын қызметінен уақытша шеттетілді. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің өтінішінен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша соталды тергеу басталды.

Тергеу аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін директордың жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook желісінде балалар ауылы тәрбиеленушілерінің соққыға жығылып жатқанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, ер бала 9-16 жасынан бері соққыға жығылып жүргенін сенім телефонына хабарлаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек