Қазақстандықтар не үшін ажырасатыны белгілі болды

Қазақстандықтар не үшін ажырасатыны белгілі болды
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда ажырасудың көп тараған себебі аталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті өкілдерінің мәліметінше, 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан

"Неке және отбасы туралы" Кодекстің 17-бабына сәйкес, неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптының өзара келісімі бойынша ғана АХАЖ органында тікелей бұзылуы мүмкін. Балалар мен мүліктік дауларда ерлі-зайыпты сот арқылы ажырасады.

"Азаматтар екі жақты келісім бойынша некені бұзуға өтініш білдірген кезде, өтініш берушілер некені бұзудың негізгі себебі ретінде көбіне "мінездің сәйкес келмеуін" көрсеткен", - делінген хабарламада.

"АЖ АХАЖ" ақпараттық жүйесінің 2013-2020 жылғы мәліметтері бойынша ажырасу динамикасы:

2013 жылы - 51 305 ажырасу;
2014 жылы - 54 438 ажырасу;
2015 жылы - 53 007 ажырасу;
2016 жылы - 51 775 ажырасу;
2017 жылы - 54 948 ажырасу;
2018 жылы - 54 859 ажырасу;
2019 жылы - 59 899 ажырасу;
2020 жылы - 58 466 ажырасу.
2021 жылдан бері ажырасу санының азайған, 2021 жылы 51 950 ажырасу, 2022 жылы 51 220 ажырасу тіркелген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек