"Кім кінәлі?" Семейлік тұрғындар орындықтарының тоз-тозы шыққан автобуспен жүруге мәжбүр

"Кім кінәлі?" Семейлік тұрғындар орындықтарының тоз-тозы шыққан автобуспен жүруге мәжбүр

Семейлік тұрғындар орындықтарының тоз-тозы шыққан автобуспен жүруге мәжбүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл не сұмдық? Мұндай автобустар көшеге неге шығады? Бұған кім кінәлі? Жолаушылар ма? Бұл автобустың қанша жыл жөндеу көрмегені көрініп тұр. Өз алдымызға облыс болдық. Осы облыс мәртебесіне лайық па? Кеше қалаға Қошанов келгенде су жаңа автобусқа емес, осы автобусқа отырғызу керек еді", - дейді ашуға мінген қала тұрғындары.

Бұл қаладағы №29 автобуста болған оқиға. 

Фото: Arnapress.kz

Жергілікті тілшінің мәліметінше, жалпы Семейде қоғамдық көлік мәселесі өзекті. Автобус жүргізушілері жетіспейді. Бұған жалақының аздығы да себеп. Жақында, нақтырақ айтсақ, 6 ақпанда "Автотранссемей" және "Семей паркі" ЖШС-нің жүргізушілері айлықтың төмендігін алға тартып, желіге шығудан бас тартқан еді.

Айбын Алтай

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина