Көктемнің алғашқы күні бірнеше өңірде қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Көктемнің алғашқы күні бірнеше өңірде қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады
Фото: Tengrinews.kz

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері 1 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с . 

Қызылорда облысының орталығында тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман де тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында күн жауын-шашынды (қар, жаңбыр). Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Павлодар облысының солтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан