Қазақстанда қанша адам қатерлі дертке шалдыққаны айтылды

Қазақстанда қанша адам қатерлі дертке шалдыққаны айтылды
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда 205 мыңнан аса адам қатерлі дертке шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, жыл сайын аурудың 37 мыңға жуық жаңа дерегі анықталып жатыр. Науқастар арасында әйел адамдардың үлесі ерлерге қарағанда жоғары. Оған сүт безі обырының жиілеп кетуі себеп. Ажар Ғинияттың айтуынша, елде қатерлі ісік дертінен жылда 13 мыңнан аса адам көз жұмады. Оған халықтың салауатты өмір салтын ұстанбауы үлкен әсер етіп отыр. Тұрғылықты жері бойынша онкоскринингке бармайтындар да жеткілікті. Осыған байланысты жауапты ведомство басшысы халықты медициналық тексерістерге бейжай қарамауға шақырды. Сондай-ақ, ол 2025 жылға дейін онкологиямен күрестің қалай жүргізілетінін айтты. 

"Онкологиялық аурулармен күресудің 2023-25 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленді. Онкологиялық скрининг бағдарламаларын кеңейту жүргізіледі. Өкпеге КТ енгізу жоспарланды. Әйелдер арасында кеңінен таралған жатыр мойны обырының профилактикасы үшін 2024 жылдан бастап адам папилломасы вирусы вакцинациясы кезең-кезеңімен енгізіледі", - денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек