Ақмола облысында ер адам алтын іздеймін деп өлім құшқан

Ақмола облысында ер адам алтын іздеймін деп өлім құшқан
Фото: Polisia.kz

Ақмола полицейлері Бестөбедегі шахтада қайтыс болған заңсыз алтын іздеушінің өліміне қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 ақпанда Степногорск полициясына "Центральная" шахтасының 520-көкжиегінде 1993 жылы туған ер адам қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам құрамында алтын бар материалды заңсыз өндіру үшін шахтаның төменгі көкжиектеріне түскен. Кен құлауы нәтижесінде ер адам ауыр жарақат алған. Тағы үш алтын іздеуші денені шахтаның бетіне шығарған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы 3-бөлігі "Қорғалатын объектіге заңсыз кіру" бойынша соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова