"Орын жетпейді, тозған". Қазақстандағы мектептердің жағдайы туралы зерттеу жарияланды

"Орын жетпейді, тозған". Қазақстандағы мектептердің жағдайы туралы зерттеу жарияланды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы мектеп мәселесіне қатысты зерттеу жұмысы жария болды. Зерттеу Ranking.kz сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мектеп тапшылығы, қолданыстағы мектептерде орын жетіспеушілігі, сондай-ақ апатты және тозығы жеткен мектептердің болуы өзекті мәселелердің бірі. Мысалы, басылым мәліметінше, тәуелсіздік жылдарында республика бойынша мектептер желісі 1,4 мыңға - 9 мыңнан 7,6 мыңға дейін қысқарды.

Үш мыңнан астам оқушысы бар ауылдың мектебі жоқ

"Бұл негізінен, келешегі жоқ елді мекендердегі шағын мектептердегі оқушылар санының қысқаруына және мектептердің жабылуына байланысты болды. Оқушылар саны 3,7 миллионға жетті, оның 2,2 миллионы қала мектептерінде, 1,5 миллионы ауылдық мектептерде. 2022 жылы оқушылар орнының тапшылығы - 270 мың: оның 174 мыңы қалада, 96 мыңы ауылдарда", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, болжам бойынша, 2026 жылдың 1-қаңтарында оқушылар саны - 4,3 миллионға, ал орын тапшылығы 1,12 миллионға жетпек. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина