"Бұл не?" Маңғыстауда қорқынышты жануар видеоға түсіп қалды

"Бұл не?" Маңғыстауда қорқынышты жануар видеоға түсіп қалды

Маңғыстауда итаю видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Instagram-дағы "112 Aktau" тобында пайда болды. Видеода жануардың айдалада жүгіріп бара жатқанын көруге болады. 

"Жыландарды көрдік, ал бұл не? Итаю ма?", - делінген жазбада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 112 - Ақтау - Актау (@112_aktau)

Парақша оқырмандары бұл қандай жануар екенін түсінбеген. Алайда көптеген адам бұл итаю екенін жазған. 

Итаю - сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң. Негізінен, Африкада, Азияда, Түрікменстанда мекендейді, ал Қазақстанда Батыс Үстірт құмдары мен Қарынжарық ойысында кездеседі. Бойы 68-75 сантиметр, құйрығының ұзындығы 17-20 сантиметр.

Аяқтары қысқа, табаны жалпақ, жер қазуға бейімделген ұзын, өткір тырнақтары бар. Терісін сирек, қатты түктер жапқан. Бауыры қара-қоңыр, арқасы ашық түсті келеді. Итаюдың тіршілігі аз зерттелген. Негізінен, кешке қарай не түнде белсенді тіршілік етеді. Қыс қатты суық болғанда ұзақ мерзімге қысқы ұйқыға кетеді. Жылына 1 рет көбейеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина