Жетісу облысында жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

Жетісу облысында жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
Фото: Tengrinews.kz

Жетісу облысында жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды. 26 ақпан полицияға Теректі ауылының жергілікті тұрғындарынан топтық төбелес туралы қоңырау түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Дәмханалардың бірінде жастардан құралған екі топ бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды.

Төбелеске қатысқан жеті адамның барлығы да анықталды, олар Балпық би ауданы орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты.

Барлығы ұсталып, міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан