Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 28 ақпан - 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтар болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райына атлантикалық циклон ықпал етеді. Республиканың солтүстік-батысында  қар, көктайғақ, тұман, екпінді жел соқса, солтүстігінде боран мен қатты жауын-шашын болады. Тек оңтүстік-шығыста жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі. Күндіз Қазақстан Республикасының солтүстік жартысында термометрлер 3-5 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жылынады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 0-10 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек