Түркиядағы зілзаладан зардап шеккен балаларға ойыншық лақтырған футбол жанкүйерлері жұртты елжіретті

Түркиядағы зілзаладан зардап шеккен балаларға ойыншық лақтырған футбол жанкүйерлері жұртты елжіретті
Фото: rsport.ria.ru

Түркияның "Бешикташ" және "Аланьяспор" футбол клубтарының жанкүйерлері алаңға ойыншықтар лақтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео ZTB-ның Telegram-арнасында жарияланды. 

Түркияның "Бешикташ" және "Аланьяспор" футбол клубтарының жанкүйерлері алаңға жұмсақ ойыншықтар лақтырған. Бұл ойыншықтың барлығы жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға жіберіледі.

Ойыншылар ойыншықтарды жинауға көмектескен. Олардың кейбіреуі ойыншықтарды жинап жатқанда көзіне жас алған.

Сондай-ақ, жанкүйерлер трибунада айқайлап, қазіргі өкілдіктің отставкаға кетуін талап еткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек