Екібастұзда трактор мінген қызметкер аударылып, қаза тапқан

Екібастұзда трактор мінген қызметкер аударылып, қаза тапқан
Фото: Polisia.kz

Екібастұзда трактор мінген қызметкер аударылып, қаза тапқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

26 ақпанда Екібастұздағы ЖШС бірінің 59 жастағы қызметкері К-700 тракторын айдап, разрез аумағының ішіне аударылып түскен.

Дене жарақаттарының салдарынан қызметкер оқиға орнында қаза тапқан.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.

Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу  дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек