Ақтөбе облысында 93 жолаушы құтқарылған

Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылар Ақтөбе облысындағы жолдардан 93 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 24 ақпанда Әйтеке би ауданының Самара-Шымкент автожолының 964 шақырымында ТЖД күштері Өзбекстан мен Тәжікстан Республикасының 41 азаматын эвакуациялаған.

25 ақпанда Ақтөбедегі Едіге батыр даңғылында ТЖД күштері 54 адамды эвакуациялаған.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 52 құтқарушы мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!