Қазақстан қалаларында газ баллоны қанша тұрады?

Қазақстан қалаларында газ баллоны қанша тұрады?
Фото: unsplash.com

Қазақстан қалаларында газ баллоны қанша тұратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюро мәліметінше, Қонаев тұрғындары сұйытылған газ үшін ең көп ақша жұмсайды. Онда газдың 50 литрі - 4600 теңге. Сонымен қатар, көгілдір отын:

  • Қарағанды ( 4380 тг),
  • Алматы (4000 тг),
  • Семей (3886 тг),
  • Өскемен (3733 тг), 
  • Көкшетау( 3177 тг).

Газ баллонының ең арзаны Қызылордада 50 литрі - 2500 теңге. Басқа қалаларда баға 2700-3000 теңге аралығында. Айта кетейік, Ақтау, Ақтөбе және Атырау бойынша деректер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек