"Серіктің арманы жоқ". Мысықтың туған күнін тойлағандар Қазнетті "жарды"

"Серіктің арманы жоқ". Мысықтың туған күнін тойлағандар Қазнетті "жарды"
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде мысықтың туған күнін тойлап жатқандардың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео TikTok-та пайда болды, ол 935 мың қаралым, 141 мың лайк жинаған. 

Видеода туысқандар дастархан жайып, мысықтың 1-ге толуын тойлап жатқаны, оған тұсаукесер жасап жатқаны көрсетілген. Мысыққа арнайы шар әкеліп, торт дайындаған. Бұл бақытты мысықтың аты Серік екен. 

@nyakushkaa

Да, можем себе позволить?

♬ Бәрінен де сенсұлу - andetemin

Желі қолданушылары мысықты туған күнімен құттықтап пікір қалдырған. 

"Серіктің туған күні менікінен күшті", Серік, жаным, туған күнің құтты болсын! Бастысы денің сау болсын! Ата-анаңды тыңда", "Адамдар қуана біледі, кез келген нәрседен қызық көре біледі, күшті ғой", "Ойбай, мынаны менің мысығым көріп қалмасын", "Ал, Серікжан, туған күнің құтты болсын! Досың көп болсын, дұшпандарың жоқ болсын! Тамағың тоқ болсын, сені бағып-қағып отқан жандар аман болсын", - деп жазған пікір қалдырғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек