- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылықтар Darkhan Juzz-бен...
Алматылықтар Darkhan Juzz-бен қоштасты
Алматының орталығындағы Арбатқа қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековпен қоштасу үшін жүздеген жас жиналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алматылықтар Арбатқа күн батқан соң жинала бастады. Darkhan Juzz-дің қазасы оның жанкүйерлерін есеңгіріп тастады.
Арбаттағы музыканттар Дарханның әндерін айтты.
Бұған жиылғандар да қосылды. Көбісі көз жасын ұстай алмайды.
Жиылғандар марқұм әншінің "Ең сұлу" әнін хормен айтты.
Қала тұрғындары Арбаттың орталығындағы тас плитаға гүл мен майшамдар қойды.
Дархан Алматыда туып-өскен. Жиылғандардың көпшілігі онымен жеке таныс еді және олар әнші карьеасының қалай басталғанының куәсі болды.
Келгендер Дарханның портретіне қоштасу және алғыс сөздерін айтты.
Darkhan Juzz Қазақстанның музыкасына үлкен үлес қосты және өз қатарластары арасындағы ең үздік жас таланттың бірі ретінде көпшіліктің есінде қалды.
Музыкалық білімі жоқ, Арбатта ән айтқан. Darkhan Juzz көпшіліктің есінде немен қалды?
Еске салайық, бүгін, 24 ақпанда Darkhan Juzz лақапатымен белгілі әнші Дархан Жүнісбеков қайтыс болды.
Сыртқы істер министрлігі өкілдері әнші Дархан Жүнісбековтің өліміне қатысты түсінік берді.
"Таиланд полициясының ақпараты бойынша, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Ол жалға алған мопедімен жол апатына түскен. Консул марқұмның туыстарымен байланыста, Қазақстанға мәйітті жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Darkhan Juzz (Дархан Жүнісбеков) – рэп орындаушысы, ән авторы және дыбыстық продюсер еді. Оның жұмысы классикалық трапты, акустикалық гитараны және сезімтал лириканы біріктірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан