Тоқаев Түркия мен Сириядағы төтенше жағдай кезінде ерлік көрсеткен құтқарушыларды марапаттады

Тоқаев Түркия мен Сириядағы төтенше жағдай кезінде ерлік көрсеткен құтқарушыларды марапаттады
Фото: Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ Түркия Республикасындағы, Сирия Араб Республикасындағы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін құтқарушылар марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соның ішінде ІI дәрежелі "Айбын" орденімен:

1. Жоламанов Айдын Қарақоржынұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өртсөндіру бөлімінің бастығы;
2. Топанов Құрманғали Сатыбайұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасағының кеме командирі.

"Құрмет" орденімен:

1. Айтпаев Ардақ Мақсұтұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары-құтқарушы;
2. Сойко Руслан Анатольевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы - құтқарушы;
3. Цой Владимир Константинович, Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы - құтқарушы.

"Ерлігі үшін" медалімен:

1. Алдабекова Алмагүл Амангелдіқызы, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері;
2. Арифджанов Султан Бахтиярович, Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы;
3. Берлыбеков Ерік Берікұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;
4. Горбачев Виталий Евгеньевич, Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы-құтқарушы;
5. Денисов Дмитрий Анатольевич, Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;
6. Қозыбахов Жазылбай Қалдыбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы - дәрігер;
7. Оразалин Қахарман Нұртасұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы;
8. Сарсембаев Абдолла Валериевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы - құтқарушы.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:

1. Хабиболла Берікболсын Нұрболатұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен:

1. Гудеев Николай Николаевич, "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурманы;
2. Оспанқұлов Нұржан Әбдібақиұлы, "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурман-нұсқаушысы.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:

1. Қаппасов Наурыз Мерекеұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы - құтқарушы.

Сонымен қатар, 112 адамға, оның ішінде құтқарушыларға, медицина қызметкерлеріне, кинологтар мен авиация мамандарына Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы жарияланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова