Түркістан облысында ер адам қыз ретінде танысып, ақша бопсалаумен айналысқан

Түркістан облысында ер адам қыз ретінде танысып, ақша бопсалаумен айналысқан
Фото: Polisia.kz

Интернет желісінде өзін бойжеткен ретінде таныстырған азамат ақша бопсалаумен айналысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол әлеуметтік желілерде жалған парақшалар арқылы өзін бойжеткен ретінде таныстырып, жеке мәліметтерді желіге жариялаймын деген желеумен қорқытып, ақша бопсалаған. Ол 21 жастағы Түркістан облысының тумасы болып шықты.

Департаменттің ҰҚҚКБ-ның қызметкерлерімен Түркістан облысында ұсталған күдікті Қызылорда облысына жеткізілді.

Қазіргі уақытта оның осы басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина