"ҚазАвтоЖол" тасжолдарға байланысты шұғыл үндеу жасады

"ҚазАвтоЖол" тасжолдарға байланысты шұғыл үндеу жасады

ҚазАвтоЖол құбылмалы ауа райына байланысты республикалық маңыздағы күре жолдарды пайдаланушыларға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында патрульдеу жұмыстары күшейтілген. ҚазАвтоЖол бөлімшелері тәулік бойы, екі ауысымда жұмыс істеп жатыр.

24 ақпанда сағат 13.30-дағы ақпаратқа сәйкес 6 өңірде ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесі әлі де жабық тұр. Жол қозғалысы шектелген тасжол учаскелерінің жалпы ұзындығы 2 450 шақырым. Бұл республикалық маңызы бар автожолдар желісінің 10 пайызы.

Осыған байланысты Ұлттық оператор ауа райының қолайсыздығы туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады. Жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын нақтылау қажет. Жабық күре жол учаскелеріне шығуға тыйым салынғанын ескерген абзал.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс жасайтын 1403 колл-орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Бұдан басқа, республикалық маңызы бар автожолдардың Ұлттық операторының ресми сайтында  ситуациялық карта бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина