Актер Әділжан Шомбалов қазіргі әншілер кімнен үлгі алу керегін айтты

Отандық танымал актер Әділжан Шомбалов "Жұлдызбысың" бағдарламасында өзінің сүйікті тобын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер Қайрат Әділгерей: "А студио" тобының 30 жылдық жеке концерті қашан өтті", - деген сұрағына мүдірмей жауап беруге тырысқан Әділжан Шомбалов осы топтың жанкүйері екенін айтты.

"А студионың" 30 жылдық концертіне қызым Еңлік екеуміз бардық. Топ мүшесі Миклошич келген жоқ. Мен инстаграмға салдым, біз концертте отырмыз деп. "А студио" деген біздің мәдениетіміздің бетпердесі. Олар біздің мақтанышымыз. Біздің бренд. Қай жерде болмасын "А студио" мен Батыр менің жүрегімде", - дейді актер.

Бағдарламада одан өзге де сұрақтарға мүдірмей жауап берген Әділжан Шомбалов халықтың ықыласына бөленді.

Айта кетейік: Әділжан Шомбалов ең алғаш өнер жолын "Тағы да сүй"/"Первая любовь" (Сериал) бастаған еді. Одан кейін "Патруль" сериалымен халық арасында кең танымалдыққа ие болды. Актерлікке дейін өнер иесі асаба қызметін атқарған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!