Ауа райына байланысты жеті облыста жолдар жабылады

Ауа райының нашарлауына байланысты жеті облыста жолдар жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазавтожолға" сілтеме жасап.

"Республикалық маңыздағы 10 күре жол жабық. Ауа райының қолайсыздығына (боран, көрудің шектелуі), жасанды жолмен қар көшкінін түсіру және еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізуге байланысты Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!