Павлодар облысында полицей асылып өлді

Павлодар облысында полицей өлі күйінде табылды. Учаскелік полицейдің денесі Мамайыт Омаров ауылындағы өз үйінің ауласындағы сарайдан табылды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, қызметкер 23 ақпанда сағат 06:35-те қайтыс болды.

"Үйдің сарайынан учаскелік полиция инспекторының денесі табылды, ол асылып өлді", - деп хабарлады ведомство.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

"Бұл фактіге қатысты полиция 105-бап бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп хабарлады Полиция департаменті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!