ТЖМ тікұшақ апатынан аман қалғандардың қалай құтқарылғанын көрсетті

Төтенше жағдайлар министрлігі тікұшақ апатынан аман қалғандардың қалай құтқарылғанын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство Telegram-дағы каналында төтенше жағдай кезінде түсірілген бірнеше фотоны жариялады.

Еске салайық, 23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 шақырым қашықтықта "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысы бойынша құбырды тексеру бойынша ұшқан "Қазавиақұтқару" АҚ 2022 жылы шығарылған Ми-8 АМТ тікұшағы қатты екпінмен келіп қонды

Салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қаза тапқандардың Төтенше жағдайлар министрілігінің қызметкерлері екені белгілі болды. Мұны ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!