Павлодар тұрғыны пәтерді өртеп, терезеден секіріп кетті

Павлодар тұрғыны пәтерді өртеп, терезеден секіріп кетті
Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

Павлодар тұрғыны пәтерді өртеп, кейін терезеден секіріп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

23 ақпанда 17:57-де 112 пультіне Павлодардағы Айманов көшесі, 26 мекенжайындағы бесқабатты үйдің тұрғыны құтқарушыларды шақырған.

Төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері мен бір бірлік техникасы оқиға орнына кеткен. Олар мекенжайға жетіп, есікті ашып жатқанда пәтер ішіндегі есепте тұрған тұрғын пәтерді өзі өртеп, терезеден секіріп кеткені анықталды.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 шаршы метр жер өртенген. Тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанған.

Өрт 18:55 сағатта сөндірілді. Үй иесінің 1986 жылғы ұлының оң қолы, аяғы сынып, ауруханаға жеткізілген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан