Араб елінде күй тартқан танымал блогер жұртты таңғалдырды

Танымал блогер Камила Әділхан Араб елінде күй тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видеоны блогер Instagram және TikTok-парақшаларында бөлісті. Видеода ол Құрманғазы Сағырбайұлының "Балбырауын" күйін тартты. 

"Камидің үлкен арманы орындалды, шетелде көп көрерменнің алдында домбырада күй ойнады. Сол жерде жүрген шетелдің азаматтары домбыраның үнін қалай тыңдағанын көрсеңіздер ғой", - деп жазған ол.

@e.kamik

Қазақ қызы Домбырасын арқалап шет елде күй ойнады ??

♬ оригинальный звук - Kamila

Желі қолданушылар блогердің өнеріне тәнті болып, пікір қалдырған. 

"Ками қызым, жарайсың! Бұл да бір сенің арманыңның бөлігі болған, өркенің өссін! Қазақтың қайсарлы батыл қызы! Жүректен жүрекке жеткіздің, жаным", "Қазағымның күмбірлеген домбырасының үні керемет қой", "Тал бойың тұнып тұрған өнер! Тал шыбықтай бұралған өнерлі келіншек екенсіз", "Шын көңілмен сезініп орындағаныңыз көрініп тұр. Жүректен жүрекке жетті", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!