Алматыда жер сілкінісіне төзімді аудан анықталды

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда ең қауіпсіз қай ауданын екенін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы - республикамыздың сейсмикалық қауіпті өңірлерінің бірі. Алматы 27 тектоникалық плитаның қауіпті жерінде орналасқан. Негізгілері - қаланың таулы аймақтары. Ең қауіпсізі - Түрксіб ауданы, қалған Медеу, Бостандық аудандары опырылуы мүмкін, сондықтан қауіп жоғары", - деді Күлшімбаев.

Оның айтуынша, 9 және одан жоғары балдық жер сілкінісі кезінде Алматыда тұрғын үйлердің 30 пайызы зардап шегеді.

"Қаланың 60-70 пайызы жойыла ма, онымен келісе алмаймын. Бірақ болжам бойынша, жер сілкінісі 9 балл немесе одан жоғары болса, тұрғын үйлердің 30 пайызына дейін опырылуы мүмкін. Тиісінше, қандай шығын болатынын есептеу керек", - деп қорытындылады вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін кейінгі кездері жиілеген жер сілкіністерінің бір-біріне байланысы бар-жоғы туралы маман пікірін жариялаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!