Тағы бір әуекомпанияға айыппұл салынды

Тағы бір әуекомпанияға айыппұл салынды
Фото: xs.uz

Air Arabia әуекомпаниясына айыппұл салынды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

13 ақпанда Алматы-Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде әуекомпания жолаушыларға алкогольсіз сусын ұсынбаған. Енді Air Arabia 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуі керек.

"Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде жолаушылардың құқығын сақтау бөлігінде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының талаптарын ұстанатынын және әуетасымалдаушы тарапынан заң бұзылғаны анықталған жағдайда көзделген шаралардың қабылданатынын алға тартамыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде рейсі кейінге кешігіп, әуежайда қалған жолаушыға тамақ бермеген Qazaq Air әуекомпаниясына айыппұл салынған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек