Бес облыста ауа райына байланысты тасжолдар жабылды

Бес облыста ауа райына байланысты тасжолдар жабылды

23 ақпанда сағат 09:15-тегі ақпаратқа сәйкес, бес өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызды жолдар жабық, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы - 1025 шақырым немесе республикалық желінің 4,1 пайызы.

Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Алматы облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Жамбыл облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолы, Бурылбайтал-Ақсүйек ауылдары арасында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.

Батыс Қазақстан облысында "Самара-Шымкент" тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысының шекарасы аралығы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.

Қарағанды облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Ақсу-Аюлы - Балқаш аралығы барлық автокөлік түрі үшін жабық.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина