Автобуста белгісіз біреулер ішкиім ілген: оқиғаның мән-жайы айтылды

Автобуста белгісіз біреулер ішкиім ілген: оқиғаның мән-жайы айтылды
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде 20 ақпанда автобус салонында киім ілгендердің видеосы тарады. СTS компаниясы бұл видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызметтік тексеру барысында CTS Көлік бақылау департаменті өкілдері бұл әрекеттің №21 автобуста болғанын анықтады, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін автобус салонының камераларынан бейнематериалдар алынды.

Видеода сағат 20:29-да "Астана саябағы" аялдамасында №21 автобусқа жолаушылар кіріп, автобус салонында бірден жіп тартып, киім іле бастағаны көрінеді. Бұған қатысқандардың бірі және кейбір жолаушылар салонда болып жатқанды ұялы телефондарына түсірген.

Кейін бұл жолаушылар келесі Аiland отбасылық демалыс орталығы аялдамасына жетіп, ілінген жіп пен заттарын жинап алып, автобустан шығып кеткен.

Видео құқықтық бағалау және тиіс әрекет ету шараларын қабылдау үшін Астана Полиция департаментіне жолданады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от City Transportation Systems (@cts_kz)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек