Ақмола облысының 21 жастағы тұрғыны тоғыз күннен бері табылмай жатыр

Ақмола облысының 21 жастағы тұрғыны жоғалып кетті. Ол 13 ақпаннан бері туыстарымен байланысқа шықпаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылғы 20 ақпанда Көкшетау полиция басқармасына 48 жастағы тұрғын 2002 жылы туған ұлы Божантаев Рахман Жасланұлын іздеуге көмектесу туралы өтінішпен жүгінген.

Әкесінің айтуынша, ұлы 6 ақпанда Астанадан қонаққа келіп, 13 ақпанда кетіп, содан кейін байланысқа шықпаған. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. 

Белгілері: бойы 170-175 см, арық денелі, шашы қара. Астанада іздеу іс-шараларын жүргізетін тәжірибелі қызметкерлерден арнайы топ құрылды. Жоғалған адамды іздеуге волонтерлер де қосылған.

Рахман Божантаевтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер мына нөмірлерге хабарлай алады: 8 778 645 3579, 8 702 877 9255, 8 (7162) 257 805 немесе 102.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!