Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі сезілді

Алматыдан 450 шақырым жерде екі жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісі мәліметінше, Алматыдан бірнеше шақырым жерде екі жер сілкінісі сезілген. 

"2023 жылғы 22 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 16.25.56-да жер сілкінісі тіркелді", - делінген хабарламада.

Бұл жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 439 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы - 5,3. 7 минуттан кейін Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 450 шақырым жерде Қытайда да екінші жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы - 4,5. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!