Мәскеу орталығындағы қонақүйден өрт шықты: қаза тапқандар бар

Мәскеу орталығындағы қонақүйден өрт шықты, - деп хабарлайды 24kz.

Өрттен 7 адам қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алған. Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.

Өрт 16 қабатты қонақүйдің 5-қабатынан шыққан. Өрт аумағы 100 шаршы метр болған. Өрттен 50 адам құтқарылған.

Ведомство мәліметінше, қазір өрт толығымен сөндірілген. Мамандар өрт себебін анықтап жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!