"Жұлдыз болып кетті ғой". Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртас туралы пікір білдірді

Танымал актер, әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов "Оян" бағдарламасында Қайрат Нұртаспен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актердің сөзінше, Қайрат Нұртас алғашында "Анашым" атты әнді орындапты.

"Ол кезде Қайрат Нұртас 9-сыныпта оқыса керек. Оны анасы алып келген. Қазір Гүлзира деген мықты білгіш болып кетті ғой. Өнер саласының майталманы ма, Еңбек сіңірген қайраткері ме? Сол кезде "Анашым" деген әнді айтты. Кішкентай бала еді. Кейін Досымжан Таңатаровтың әндерін алып келді. Мен "жоқ, өзінің репертуары болуы керек" дедім. Сонымен кейін өзінің репертуарымен жұлдыз болып кетті ғой", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!