Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

Алматы облысында сирек кездесетін қымбат қаруы бар орын анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, 17 ақпан жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған орынды анықтады.

"Тексеру барысында Remington 308 калибрлі иір ойықты мылтық карабині, екі оқжатары бар DSR 338 калибрлі жоғары дәлдіктегі мергендік карабині табылып, тәркіленді. Сонымен қатар Макаров тапаншасының 10 оғы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана жоғары дәлдіктегі карабин шамамен 10 млн теңге тұратыны анықталды", - делінген хабарламада.

Қару-жарақтар қаңтар оқиғасы кезінде "Қорған" қару дүкенінен ұрланғаны анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!