"Мені халық емес, депутаттар сайлады" деп жұрттың ашуына тиген әкім жазаланды

"Мені халық емес, депутаттар сайлады" деп жұрттың ашуына тиген әкім жазаланды
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысында ауыл әкімі "Мені халық емес, депутаттар сайлады" деген сөзі үшін жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, оқиға 14 ақпанда емес, 16 ақпанда Ащыбұлақ ауылдық округіндегі "Алмагүл" саяжайында болған. Сол күні телеарна журналистері кәріз желісінің жарылғанын түсіруге келген.

"Округ әкімі Жасұлан Оңалбаевтың өзін "халық емес, депутаттар сайлады" деген сөзі қате болды. Бұл факт қоғамның сынына ұшырады.

Департаменттің ұсынысы негізінде Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оған сөгіс берілді", - деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, Желіде бұған дейін Алматы облысындағы ауыл әкімінің халықпен кездесуде айтқан сөзі қоғамда резонанс туғызды. "Сіз халықпен бірге болуыңыз керек, сізді халық сайлады" деген кісіге әкім "Қателесесіз, мені депутаттар сайлады. Келесі жолы сайлауға қатыссам, халық таңдайды" деп жауап берген.

Кейін облыс әкімдігі Оңалбаевты бұл қызметке шынымен де жергілікті аудандық мәслихат депутаттары сайлағанын хабарлаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан