Астанада жатақхананың 25 тұрғыны газдан уланып қалды

Астанада жатақхананың 25 тұрғыны газдан уланып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылғы 21 ақпанда 08:50-де жедел жәрдемнен төртқабатты жеке жатақхананың бірнеше бөлмесінің тұрғыны улы газдан уланғаны туралы хабарлама түскен.

Тұрғын үй жатақханаға өзгертілгені анықталған. Алайда иесінің тұрғын үйді жатақханаға ауыстыруға арналған құжаттар жоқ болып шыққан. Апатқа қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешінің істен шығуы себеп болған.

2023 жылғы 27 қаңтарда осы объектіде дәл осыған ұқсас апат болып, 16 адам, оның ішінде 11 бала эвакуацияланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!