Еліміздегі барлық балабақшада бейнебақылау камералары тексеріледі - министрлік

Еліміздегі барлық балабақшада бейнебақылау камералары тексеріледі - министрлік
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту министрлігі Петропавлдағы мектепте болған төтенше жағдайдан кейін Қазақстанның барлық балабақшасында бейнебақылау камералары тексерілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева министрлік бейнебақылау камералары жоқ мектепке дейінгі ұйымдарды анықтайтынын, министрдің берген бұйрығында бейнебақылау камераларының үлгісі қандай болуы керегі жазылған талаптың көрсетілгенін айтты.

"Өкінішке қарай, бүгін бұл талаптарды барлық ұйым орындай бермейді. Әрине, мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтіндер осы тексерістен кейін сабақ алады. Бақылау мәселесіне келсек, біздің тарапымыздан барлық мектепке дейінгі ұйымның ережеге сәйкесін тексеру шаралары әзірленіп жатыр", - деді Жұмаділдаева.

Оның айтуынша, бейнебақылау камералары жоқ ұйымдар анықталғаннан кейін әрбір ұйымның балаларды қауіпсіз күтіп-баптауын қамтамасыз ету шаралары әзірленеді.

"Біз мектепке дейінгі ұйымдардың бөлімдеріне және меншік түріне қарамастан, барлық талаптың орындалуын бақылаймыз. Өйткені әңгіме балалардың қауіпсіздігі, өмірі туралы болып отыр", - деп жауап берді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек