Ауа райына байланысты үш облыстағы тасжол жабылады

Ауа райына байланысты үш облыстағы тасжол жабылады

Ауа райына байланысты үш өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысында "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" тасжолының Темірбек Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық.

Қарағанды облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қостанай облысында "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" тасжолының Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина