"Понт қой". Желіде кішкентай қызға арнап жасалған той қызу талқыға түсті

"Понт қой". Желіде кішкентай қызға арнап жасалған той қызу талқыға түсті
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде батыр киімін киген төрт жігіт кішкентай қызды таққа көтеріп шыққан сәттің видеосы тарады. Желі қолданушылардың айтуынша, бұл дәстүр "Жұлдыз той" деп аталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода батыр киімін киген төрт жігіт қызды таққа көтеріп шығады. Қыздың оң жағында қасқыр тұр. Бұл видео TikTok-та 680 мың қаралым, 21 мың лайк жинаған. 

@alypbatir_shymkent #elbruso #fyp ♬ оригинальный звук - Alypbatir_shymkent

Желі қолданушылардың бірі бұл дәстүрді "Жұлдыз той" десе, енді бірі алғаш рет көріп тұрғанын айтып, түрлі пікір қалдырған. 

"Қызға той жасап жатқан әкесінің жәнатта мәртебесі биік болсын! Бұл қызына деген құрметі болар", "Қызға той жасаса не болды? Қыз адам емес пе?", "Үйде жалғыз қыз болса, "жұлдыз той" деп саналады. Бірақ көбі білмейді ғой деймін", "Жалғыз қыз болса, неге көппен қуанышты бөліспеске?" "Томирис ханшайым сияқты шығып келе жатыр ғой, сұлу екен", "Ақшаң болса, тойдың түрі көп екен ғой", "Мақтану ғой бұл да", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек