"Келісімшарттың аяқталуы, 20 жылдық концерт және қақаған қыстағы бейнебаян": КешYOU тобымен сұхбат

"Келісімшарттың аяқталуы, 20 жылдық концерт және қақаған қыстағы бейнебаян": КешYOU тобымен сұхбат

Кешью тобының құрамы қашан өзгереді? Қыздардың қазіргі шығармашылығы қалай өрбуде? Massaget.kz тілшісі топ құрамымен арнайы сұхбат құрды.

Келісімшарттың бітуіне орай топ қыздары былай дейді. 

"Біз Кешью тобына келгенде 13 жыл еді. Енді биыл 17 жыл толыпты. Төрт жылымыз осы топта зымырап өтті. Келісімшарттың бітуіне айлар ғана қалды. Ал ары қарай біздің топта қалу-қалмауымыз белгісіз", - дейді топ мүшесі Наргиза Алтайбай. 

Ал топтың келесі мүшесі Балауса "Негізі біз топта жүрген кезде Кешьюдің 15 жылдығы өтті. Бірақ әлемдік жағдайға байланысты ол кезде ауқымды бір ән кешін өткізе алмадық. Бәлкім, 20 жылдық бізге бұйырып тұрған шығар. Енді оны да уақыт көрсетеді",- дейді. 

Топ мүшесі Ләззаттың айтуынша: Топта өнер көрсету үлкен мақтаныш екен. Тіпті 1 жыл сахнаға шықпай дебютті әннің бейнебаянына дайындалған көрінеді. Келісімнің аяқталарына қыздар сене алмайды. Себебі осы төрт жыл олардың өміріне үлкен өзгерістер әкелгенін жеткізді. 

Қыздарға төрт жылда ең қиынға соққан AI DAI бейнебаяны екен. Қыста түсірілген соң тіпті түсірілімнен кейін арнайы ем-дом қабылдағандарын да жасырмады.

"Қызық та қиын болды. Бірақ оның қызығы тек түсірілімде ғана шығар. Әйтпесе киім ауыстыратын жер болған жоқ көлікте киіндік. Жылынатын жер жоқ. Тіпті адам аяғы баспаған, аппақ қар тұрған жер іздеп біраз сандалдық. Оның үстіне, киімдеріміз жазғы стильде болған соң қатты жаурадық. Қар үстінде жеңіл аяқкиіммен биледік", дейді қыздар.

Айта кетейік: Кешью тобының соңғы құрамы топқа 2019 жылы келді. Көптеген әндер мен бейнебаяндар түсіріп қалың көпшіліктің ықыласына бөленген Кешьюдің ғұмыры жалғаса ма? Әлде құрам өзгере ме? Оны продюсер Баян Алагөзова мәлім ететінін жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы