Бір-бірінен ажырап қалған ағайындылар 27 жылдан кейін қауышты

Бір-бірінен ажырап қалған ағайындылар 27 жылдан кейін қауышты. Оларға еріктілер көмектескен, - деп хабарлайды Lada.kz. 

Ақтаудағы Lider.kz еріктілерінің айтуынша, бір ай бұрын астраханьдық Анатолий Самохвалов көмекке жүгінген. Ол ағасы Геннадийді тапқысы келетінін айтқан.

Ер адамның айтуынша, оның әпкесі, ағасы және әкесі мен шешесі Астраханьнан Ақтауға (ол кезде бұрынғы Шевченко) көшіп келген, кейін оның отбасымен байланысы үзілген.

Ақтаулық еріктілер бір ай бойы Желіден Анатолий Самохваловты іздеп, кейін әпкесі Любовь Владимировна Шевченконы (Самохвалова) тауып алған. Әпкесінің айтуынша, екінші ағасы мен ата-анасы, өкінішке қарай, қайтыс болған. Ал Любовь Анатолийді енді табамын-ау деген үмітін мүлде үзген. 

Іздестіру жұмыстарына үлес қосқан еріктілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері бірлесіп, нәтижесінде 27 жыл бір-бірінен ажырап қалған аға мен әпкені қайта қауыштырған.

20 ақпанда олар телефон арқылы сөйлескен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!