Оралда ер адам дүкеннен Kaspi Pay терминалын ұрлап, 3 мың теңгеге сатып жіберген

Оралдағы дүкендердің бірінде белгісіз біреу төлем қабылдайтын кассада жатқан Kaspi Pay терминалын білдіртпей алып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1983 жылғы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Тексеру кезінде оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Терминалды қолды қылған күдікті оны 3 мың теңгеге сатып жіберіпті.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!